Күдіктінің ұсталғанына қатысты ақпарат 10 қарашада жария болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Рамазанов А.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – делінген Астана сотының хабарламасында.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етуге жатпайды.
Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, «Қазспецэкспорт» РМК лауазымды тұлғалары мен олар бақылайтын заңды тұлғалардың басшылары әскери және әскери-техникалық өнімдерді сатып алу кезінде бағаны көтеру арқылы 1 миллиард теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.