Астана қаласының Полиция департаменті елордадағы мейрамханалардың бірінде Қылмыстық кодекстің 99 (кісі өлтіру)-бабымен әйелді өлтіру фактісі бойынша тергеуді жалғастыруда, - деп жазды Aikyn.kz.
Полиция таратқан дерекке қарағанда, осы қылмысты жасады деген күдікті қамауға алынған.
Қазіргі уақытта тергеу органдары, оқиғаның барлық мән-жайларын және нақты адамдардың кінәсін анықтауға бағытталған қажетті шаралардың барлық кешенін орындап жатыр.
"Тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432 (қылмысты жасыру)-бабы бойынша қылмыстық іс жеке тіркелді, оның шеңберінде "Гастро-орталық" директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) 119-бабы 3-бөлігі (қауіп-қатерде қалдыру) бойынша қылмыстық істер тіркелді", - делінген хабарламада.
Тергеуді Астана қаласының Полиция департаменті Тергеу басқармасы жүргізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында болады.
Естеріңізге сала кетейік, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.