Бақтиёр Зайнутдиновқа ота жасалды

Бақтиёр Зайнутдиновтың қазіргі жағдайы белгілі болды.

«Бешикташ» қазақстандық футболшы Бақтиёр Зайнутдиновтың «Ыстамбұл Башакшехирге» қарсы ойын кезінде жарақат алуына байланысты мәлімдеме жасап, қазіргі жағдайы туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

«Матчтың 37-ші минутында беті мен мұрнынан соққы алып, ойынды жалғастыра алмаған Бақтиёр Зайнутдиновтың мұрын сүйегі мен аңғалағының негізі сынғаны белгілі болды. Футболшының мұрнына ота жасалып, таңғыш қалақ салынды», – делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.

Бақтиёр Зайнутдиновтың алаңға қашан оралатыны әзірге белгісіз. Ол Қазақстан құрамасына 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің Сан-Марино және Словения құрамаларына қарсы шешуші матчтарында қатыспауы мүмкін.