Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа інісінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Болат Назарбаев 71 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Болат Назарбаевтың жерлеу рәсіміне қатыспайтыны белгілі болды. 

Бұған дейін Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы хабарлаған едік.