Петропавлда Ұлттық ұланның әскери қызметкері ішіне тиген оқтан қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«12 қарашада 6637 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі әріптесінің абайсызда атқан оғынан жараланып, шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Алайда оны құтқару мүмкін болмады», – деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Аталған дереке қатысты ішкі тергеу тағайындалды.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«Ұлттық ұлан қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады», – делінген ҚР Ұлттық ұланның баспасөз хабарламасында.
Жергілікті БАҚ марқұмның жасы 38-де екенін жазды. Ол «Бүркіт» арнайы жасағының жүргізушісі болған.