«Қазгидрометтің» хабралауынша, бейсенбі күні елімізде қар, кейбір аймақта жаңбыр жауып, көктайғақ болады, тұман түсуі ықтимал, желдің екпіні күшейеді. Тек батыста, оңтүстік-батыста және шығыста күн райы ашық болады. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі, таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.