«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарының қатарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзу әрекеттеріне, мүдделер қақтығысына жол бермеу қосылды. Осы ретте, әлеуетті өнім беруші, оның басшысы немесе құрылтайшылары бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаса, онда мемлекеттік сатып алуларға қатыса алмайды», – деді Д.Кеңбейіл.
Айта кетейік, заң жобасы аясында сатып алу процесін реттеуді оңайлату және бюрократиядан арылту мақсатында шағымдарды қараудың жаңа тетігін енгізу, сондай-ақ бақылаушы органның рөлін қайта қарау ұсынылып отыр.