Жауынгердің медальонында сақталған жазбаның арқасында оның Қызылорда облысы Қазалы аудандық военкоматынан әскерге шақырылғаны анықталған. 1912 жылы дүниеге келген Сейлан Мәметов 1941 жылы 7 қарашада Мәскеуді қорғау кезінде қаза табады. Ол 144-атқыштар дивизиясының 785-атқыштар полкінің құрамында соғысқан.
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев бүгінгі шара болашақ ұрпақ үшін құрбан болған жауынгерлерге тағзым екенін атап өтті.
«Сол кездегі адамдардың ерлігі туралы естелік қазақстандықтардың жүрегінде мәңгі қалады, кітаптарда, әндерде, монументтерде, мемориалдарда, мұражайлар экспозицияларында және көше атауларында бейнеленеді, – деп атап өтті Дәурен Абаев.
Сейлан Мәметовтің туыстары әлі табылған жоқ. Оның сүйегі Қазақстанға жеткізіліп, әскери құрметпен жерленеді.