Алматы қаласының бас имамы Еркінбек қажы Шоқай коронавирус қаупіне байланысты діни жоралғылар бойынша өтетін жиындар мен тойларды уақытша тоқтатуға кеңес берді, – деп жазады «Қазақпарат». Ол коронавирустың таралуы әлемді алаңдатып отырғанын атап өтті. «Адам көп шоғырланатын жерлерге бармаған дұрыс. Дәстүрлі шараларымызды да мүмкіндік болса кейінге қалдырғанымыз жөн. Той, ас, қонақ асы, садақаларымыз бар, оған шариғат ешқандай тыйым салмайды. 40 күніне берілмесе де, осы жағдайға байланысты кейін берсе, Алланың құзырында ол қабыл болады. Сондықтан, меніңше, азаматтар бұған құлақ асу керек», – деді Еркінбек қажы Шоқай.