«Титаникте» соңғы күнгі ұсынылған ас мәзірі 103 000 долларға сатылды

Атақты кеменің тағдыры әлі де көпшілікті қызықтырады. Жақында «Титаниктің» бірінші дәрежелі жолаушыларына ұсынылған ас мәзірі Ұлыбританияда аукционда сатылды.

BBC News сайтында Нью-Йорктегі бір мейрамхананың бас аспазшысы мұхит лайнерінің соңғы күні ұсынылған Мэриленд тауығынан қуырылған тағамын жаңаша дайындағаны туралы мақала жарияланды. Aikyn.kz қайғылы тағдыры бар кеменің неге әлі де қызығушылық тудыратынын, кемеде берілген тағам түрлерін білу көпшілікке неге маңызды екенін түсіндіреді.

Фото ixbt.com сайтынан алынды

 

Бұл жердегі R.M.S.“Titanic” – Корольдік пошта кемесі “Титаник” деп аударылады. Фото BBC News сайтынан алынды. Авторы: Shawshots/Alamy

Сенбі күнгі Англияда өткен аукционда Титаниктің 1912 жылдың 11  сәуір күні берілген ас мәзірі 103 000 долларға сатылған. Үш күннен кейін 14 сәуірде кеме айсбергпен соғылып мұхит түбіне кетеді. Кемеде 2 200-ден астам жолаушы болған.

Ондағы әрбір адамның өзіндік тағдыры болған: сол заманда өмір сүрген ең бай адам Джон Джейкоб Астор да, Америкадан жақсы өмір іздеп шыққан қарапайым иммигрант отбасылар да кеме палубасында болған.

Сондықтан да бүгінге дейін Титаникке байланысты заттардың, оқиғалардың барлығы адамдар үшін қызықты, тағылымы мол. Суға батқаннан кейін 111 жыл өтсе де, мұхит лайнерінің адам қиялын жаулап алуының себебі –  осында. Сол себепті де су сіңіп қалған бір бет қағаз қымбат көліктің бағасына сатылды.

Суға батқан кемеден аман қалған бірнеше мәзір мұхит лайнерінің жолаушыларына ұсынған тағамдарда айтарлықтай айырмашылықтар болғанын көрсетеді. Үшінші дәрежелі жолаушыларға күріш сорпасы, ботқа және піспенан (негізінен асқазанды тыныштандыратын жеңіл тағамдар) берілсе, бірінші дәрежелі жолаушылар үшін ас мәзірі ерекше тағамдарға толы болған. Мәзірде сиыр еті, көктемгі қой еті немесе портвейн соусымен үйрек, Мэриленд тауық еті және басқа тағам түрлері болған. 

Мэриленд тауық етіне дәмделген ұн жағылып, шойын табада қуырылады. Фото BBC News сайтынан алынды. Авторы: Stacey Newman

Нью-Йорктегі HoneyBunny кафесінің иесі Мэриленд штатының тұрғыны Джаред Ховард сияқты аспаздардың арқасында «Титаникте» берілген Мэриленд қуырылған тауығының рецепті қалпына келген сияқты.

Бұл тағам тіпті «Титаниктің» бірінші дәрежелі тамақтанушыларына ұсынылған. Аспазшы Титаник жолаушыларына ұсынылатын нұсқада кілегей соусы емес, ақ шарап қосылған велютеге ұқсас нәрсе (қоспадан, ұннан және майдан жасалған соус) болғанын айтады.

Ховард өзінің аспазшы мәзірі үшін ерекше тағам рецептерін зерттей бастады. Ол оны Мэриленд штатындағы қуырылған тауықтан табады.

Аспазшы Джаред Ховард. Фото BBC News сайтынан алынды. Авторы: Max Flatow

45 жастағы аспаз шағын кафесінің атын өзінің 11 жасар қызының лақап атымен HoneyBunny деп қояды. Сөйтіп, Титаниктің ас мәзірінде болған Мэрилендтегі қуырылған тауықты жастарға да, қарапайым адамдарға қолжетімді бағада әзірлеп насихаттайды.

Мэриленд қуырылған тауық етін дайындау үшін тауық етіне дәмделген ұн жағып, шойын табада қуыру керек. Пісіру кезінде табаны қақпақпен жабыңыз, сонда құс іс жүзінде бумен пісіріледі. Ал табадағы майды кілегейлі соуспен араластырып еттің үстіне құяды немесе сол күйінде ұсынады.