Астана қаласының Полиция департаменті «Гастро-орталық» директоры екі айға қамауға алынғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«BAU мейрамханасында әйелді өлтіру фактісін тергеу аясында Гастро-орталығының директорына қатысты бұлтартпау шарасы – 2 айға қамауға алу санкцияланды», – делінген ПД хабарламасында.
Қылмысты жасырды деген ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы бойынша күдікке ілінді.
«Қазіргі кезде тергеу жалғасуда, басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», – делінген ақпаратта.
фото: әлеуметтік желіден