Синоптиктер Астанада қар қашан түсетінін айтты

20 қарашаға қарай Астанада күн суытып, қар жауады.

"Қазгидромет" Астанада қар қашан жауатынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, 20 қарашаға қарай Астанада күн суытып, қар жауады.

"19 қарашадан кейін Қазақстанның аумағында күн салқындайды. Алдымен батыс, содан кейін солтүстікке және орталыққа қар жауып, күн суытуы мүмкін", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

фото: Qazaqstan TV