Бишімбаевтың ісі: полиция мейрамханадағы видеоларды тәркіледі

Полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.

Астана қаласы Полиция департаменті бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі көз жұмған Bau мейрамханасындағы бейнебақылау камераларынан видеоларды алып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.

"Қазір тергеу органдары қызмет көрсетуші персонал мен жасалған аса ауыр қылмыстың мән-жайын білуі мүмкін басқа да адамдардан жауап алу кезінде деректерге тексеріс жүргізеді. Сондай-ақ оқиға орнынан тиісті зерттеулер тағайындалған бейнематериалдар алынды. Тергеу жалғасып жатыр, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың екінші әйелі Салтанат Нүкенова ауыр соққыдан жедел жәрдем келмей тұрып, оқиға орнында қаза болғаны жайлы ақпарат тараған. Кейіннен құзырлы органдар болған оқиғаны растады. Қуандық Бишімбаев 2 айға қамауға алынды.

Фото: Тұрар Қазанғапов