Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды

Биыл Тәуелсіздік күні, яғни 16 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді, сондықтан қазақстандықтар дүйсенбі күні де демалады.

Қазақстан желтоқсанда дәстүрлі түрде Тәуелсіздік күнін атап өтеді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Биыл Тәуелсіздік күні, яғни 16 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді, сондықтан қазақстандықтар дүйсенбі күні де демалады.

Тәуелсіздік күні:

аптасына бес күн жұмыс істейтіндер: 16, 17, 18 желтоқсан күндері;

аптасына алты күн жұмыс істейтіндер: 16 және 17 желтоқсан күндері демалады.

Желтоқсанда барлығы 11 демалыс және 20 жұмыс күні бар.

коллаж Almaty.tv.