Алматыда әжетханадан табылған нәрестені ерлі-зайыптылар асырап алды

Баланы асырап алғандар ұзақ жыл некеде тұрып, балалы болмаған.

Алматыда әжетханадан табылған сәбиді ерлі-зайыптылар асырап алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

 

Баланы асырап алғандар ұзақ жыл некеде тұрып, балалы болмаған. Отбасы нәрестені балалар үйінің базасынан көріп, басқа қаладан арнайы келіп алып кеткен.

Еске салайық, былтыр тамыз айында полиция қызметкерлері дәретхана шұңқырынан шығарып, сәбиді аман алып қалған еді. Артынша 17 жастағы кәмелетке толмаған қыздың түсік тастағаны анықталған. Сот үкімімен кәмелетке толмаған ана кінәлі деп танылып, 8 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалған болатын.

«Көп жылдар бойы олардың балалары жоқ. 2021 жылы ата-аналар асырау мектебін өтіп, 2023 жылы келіп, баланы ұнатып, басқа қалаға алып кетті. Ол бала асырап алынғаннан кейін алты ай біздің бақылауымызда болады», – деді қалалық мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Айдар Маметов.

фото: canvera.com