Әл-Фараби, Әбілқайырды алып тастағандағы істегеніміз мынау ма? Бекболат Тілеуханның жас кезіндегі видеосы тарады

Анау жерде карта да, алақан да, сурет те жүр. Тастағы бір таңбалар жүр.

Белгілі журналист Серік Әбікенұлы әлеуметтік желідегі парақшасына дәстүрлі әнші, экс-депутат Бекболат Тілеуханның жас кезіндегі видеосын жариялады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Ертең  - Ұлттық валюта күні. Абылай, Абайларды "жоқ" етіп, алақан жайған "сақау" ақша енгізілер алдында зиялылар осылай шырқырап еді...", - деп жазған автор бейнежазбаның түсініктемесінде.

Ал әлдебір бағдарламада сөз сөйлеп отырған Бекболат Тілеухан ұлттық валютамыздың дизайны ауысуына қарсылығын білдіріп, ойын жеткізген. 

"Қара қазақтың баласы ретінде валютаның сыртындағы сурет ұнамайтынын айтып отырмын. Әл-Фарабиды, Әбілқайырды алып тастағандағы істегеніміз мынау, қиқы-жиқы ма? Кез келген нәрсе, қарапайым, айқын, нық болу керек. Анау жерде карта да, алақан да, сурет те жүр. Тастағы бір таңбалар жүр. Тарихты білгендегісі ғой, енді. Адамда бір талғам, эстетикалық өре дейтін нәрсе болу керек қой. Мұның ешқайсына сәйкес келмейді. Мүлдем жарамайтын нәрсе. Мың жерден қорғаштасаңыз да, адамның көкейіне қонатын ақша емес", - дейді Бекболат.