Қарағанды қаласында мектеп оқушысы өзінің сыныптасынан 350 мың теңге аударуды талап етіп, бопсаламақ болған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Полицияға 39 жастағы шағымданған. Ол белгісіз біреу өзінің 14 жастағы ұлына 350 мың теңге ақша аудару туралы хат жолдағанын, ақша бермеген жағдайда ұлының атынан мектепте жарылғыш зат орнатылды деп хабарлама беретінін айтқан.
"Полиция қызметкерлері хатты жазған адам анықталды. Ол арызданушының ұлының 15 жастағы сыныптасы екені белгілі болды. Мектеп оқушысы бұл хатты ойнап жазғанын айтты", - делінген полиция департаменті ақпаратында.
Қазіргі уақытта мектеп оқушысын есепке қою, ал ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.