Орал қаласында жол апаты болып, салдарынан екі адам көз жұмды, - деп хабарлайды Aikyn.kz БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 14 қараша күні кешке болған.
«Сағат 18.30-да айналма жолда «Венойл» жанар-жағармай стансасының тұсында 1990 жылғы жүргізуші «Лада Ларгус» автокөлігінің руліне ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен. Сөйтіп 1988 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «DAF» жүк көлігімен бетпе-бет түйіскен. Салдарынан «Лада Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі мен сонда отырған 1987 жылғы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Мүрделер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.