Алматыда коронавирусқа байланысты базарлар жабыла ма?
Алматыда коронавирусқа байланысты базарлар жабыла ма?
Фото: Интернеттен алынды
238
оқылды
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы WhatsApp арқылы қалалық базарлардың коронавирусқа байланысты жабылады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. WhatsApp-та тараған ақпаратта белгісіз автор «қаладағы базарлар коронавирусқа байланысты 10 наурызға дейін жабылды» дейді. «Magnum мен Small жұмыс істейді, бірақ баға қымбат болады. Сондықтан алдын ала азық-түлік алып қойыңдар», – дейді ер адам. Бұл ақпаратқа қатысты Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы пікір білдірді. «Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Қалалық базарлық күнделікті режим бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар, жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша жауапқа тартылатынын хабарлаймыз» делінген ресми хабарламада.