Қырғызстанда енді сақал қойып, паранжы кигені үшін жергілікті халық айыппұл төлейтін болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мұндай бастаманы қырғыздың депутаттары көтерді. Халық қалаулылары бетті жабатын киім мен ұзын сақал қойғандарға айыппұл төлетуді талап етуде. Заңға енген тиісті өзгертулер енді қоғам талқысына түскен.
Белгілі болғандай, заң жобасы "қауіпсіздікті сақтау және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарау арасындағы тепе-теңдікті сақтауға" бағытталған.
"Әзірге заң жобасы тек жергілікті халыққа ғана қатысты болмақ. Шетел азаматтары мен диломаттар үшін мұндай шектеулердің қатысы болмайды", – деп жазды жергілікті БАҚ.