Экс-басшы екі-ақ жылға сотталуы мүмкін

Бұрынғы басқарма басшысы кәсіпкерден 13 млн теңге көлемінде пара алды деп айыпталған еді.

Шымкентте жолаушылар көлігі басқармасының экс-басшысына қауіпсіздігі ең төменгі мекемеде екі жыл жазасын өтеу сұралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алайда, прокуратура кейінірек айыптауды билікті асыра пайдалану бабына ауыстырды. Бүгін мемлекеттік айыптаушы бұрынғы шенеунікке ең төменгі қауіпсіздік колониясының 2 жылын сұрады.

«ҚР ҚК 361-бабымен кінәлі деп танып, оған осы баппен, мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды, мемлекеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субьектілері лауызмдарын атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраймын», – дейді Шымкент қаласы прокуратура басқармасының аға прокуроры Тоқтарбек Төлбасиев.

Сотталушының адвокаттары мемлекеттік айыптаушымен келіспейді. Себебі экс шенеунік Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы лауазымында небәрі 4 ай қызмет атқарған. Айта кетейік, бұрынғы басшының ісіне қатысты сот үкімі 16 қарашада оқылады деп жоспарлануда.