«Осы баспасөз мәслихатында дайындалған кезде 18 жасқа толмаған балаларға ашылған барлық депозитті қарап шығуды әдейі өтінген едім. Өте жақсы статистикалық деректер бар. Бізде мұндай 299 579 депозит бар. Қамқор ата-аналар тіпті 1 жасқа толмаған балаларына да 12 721 депозит ашқан. Ал 5 жасқа дейінгі балаларда 50 140 депозит бар. Қандай өңірлер үнемшіл екенін де қарадым. Шымкенттегі филиалымызда 1 жасқа толмаған балаларға – 679, Алматыда – 642, ал елордадағы орталық филиалымызда 531 депозит ашылған екен», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар ол үнемшіл ата-аналардың ең озық ойлы екенін айтады.
«Өйткені, бізде видеобанкинг секілді құрал бар. Үйден шықпай-ақ оның көмегімен депозит аша аласыз. Осындай жас салымшы ата-аналар Қазақстанның цифрландырудағы жетістіктерін қолданып, 7 232 депозит ашты. Қазіргі уақытта депозит ашуда видеобанкинг арқылы цифрлық форматқа ден қойып жатыр», – деді Ләззат Ибрагимова.