Прокурорлар биыл Ұлытау облысы әкімдігі тарапынан Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Жаңаарқа ауданындағы балабақшаларда төлемақының негізсіз қымбаттағанын анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ата-ана төлемақысының мөлшерін (айына бір балаға тамақтану үшін) белгілеу кезінде әкімдікпен азық-түліктердің бөлшек бағалары негізге алынған, алайда олардың көтерме бағалары орта есеппен алғанда 10-20% арзан.
Қадағалау актісі бойынша 6,5 мың ата-ананың бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, ата-ана төлемақысының мөлшері 1 мың теңгеге төмендетіліп (әкімдіктің қаулысына өзгеріс енгізілді), кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды.