Ақмола облысында жүк пойызы аударылып қалды

Жүк пойызының вагондары облыс аумағында рельстен шығып, аударылып кеткен.

Жүк пойызының вагондары облыс аумағында рельстен шығып,  аударылып кеткен, деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Бұл туралы "Қазақстан Темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. 

«16 қараша күні сағат 12.50-де Астана-Қарағанды учаскесінің Ақмола облысындағы бөлігінде жүк пойызында вагондар рельстен шығып кеткен. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Басқа пойыздардың уақытынан кешіктірілуі болған жоқ. Пойыз қозғалысы көрші жолдар бойынша жүргізілуде,  деді ұлттық компанияның баспасөз қызметінен. 

Астана-Қарағанды стансасындағы жағдайды жою мақсатында қалпына келтіру пойызы жіберілген. 

Фото: автордан

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ