Оған тау-кен өнеркәсібі, отандық тауар өндірушілер, орталық мемлекеттік органдар, халықаралық сарапшылар мен инвесторлар қатысты. Бұған Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған отандық өндірушілермен офтейк-келісімшарттар үлесін 10%, ал қазақстандық қамту деңгейін 3 жылда 60% дейін арттыру тапсырмасы негіз болды.
Нәтижесінде, еліміздегі ірі тау-кен металлургиялық компаниялары шағын және орта бизнеспен ынтымақтастығы жайында ғана емес, қазақстандық серіктестер индустриялық алпауыттармен жұмыс істеудегі перспективалары туралы айтып берді. Сондай-ақ қатысушылар болашақтағы одан әрі дамуға бағытталған жоспарларды талқылады.
«Қазақстандық қамту 2.0» халықаралық форумы аясында спецкокс шығаратын жаңа зауытты іске қосып, енді ERG өндіретін отандық феррохромдағы қазақстандық үлесті ұлғайтуға сеп болмақ. Айта кетерлік тағы бір жайт, ERG – жоғары көміртекті феррохром құрамындағы хром үлесі бойынша Еуразия кеңістігіндегі көшбасшы әрі темір кенін жеткізуші.
Қарағанды облысындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ кәсіпорнының өнеркәсіп аумағында бой көтерген зауытта 184 адамға жұмыс орны ашылған. Оның қуаттылығы – жылына 400 мың тонна спецкокс. Жобаға құйылған жалпы инвестиция көлемі – 60 млрд теңге. Бұл өндірісте ең заманауи технологиялық шешімдер мен автоматикаға қолданылады.
Жалпы, елдегі өндірістің күрделілігіне қарамастан, компания үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Тек соңғы 3 жылда отандық өндірушілерден сатып алу сомасы екі есеге өсіп, 477 млрд теңгеге жетті. Ал қазір біздің ел ішінде сатып алуымыз, яғни Қазақстанда ERG тұтынудың жалпы көлемінің 62%, нақты айтсақ 1 трлн 67 млрд теңгеге жетті.
Ендігі мақсат – 2030 жылға қарай ел ішілік құндылық деңгейін 80%-ға көтеру. Бұл – жай ғана зауыттар мен өндірістердің ашылуы емес, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өз бизнесімен бірге, ауыл-аймағының және бір елдің болашағына әсер етудің бірегей мүмкіндігі. Соған орай, тіпті ERG компаниясы ел ішілік құндылықты дамыту стратегиясын үш бағыт бойынша әзірлеген. Біріншісі – оффтейк келісімшарттар арқылы ERG импортты алмастыру бағдарламасы. Екіншісі – кәсіпорындарының айналасында өндірісті оқшаулауды дамыту тобын құру және өз еліміздің бәсекеге қабілетті тауарларын көбейту.
Сондай-ақ Eurasian Resources Group отандық тауарөндірушілермен меморандумдар жасасты. Келісімшартқа ERG мен «ТПБ АГРОМИР» ЖШС, «Казахстанское промышленное предприятие» ЖШС, Zhaik Electric ЖШС, «Машиностроительный завод им С.М. Кирова» АҚ, «Каспий плюс» ЖШС, Saryopan Operating ЖШС қол қойды.
– Біз бүгін ұзақмерзімді меморандумдар мен келісімшарттар жасастық. «ТПБ АГРОМИР» ЖШС-мен оффтейк келісімшартқа қол қойылды. Бұл бизнеске мол мүмкіндіктер береді. Контрагент жоғары қысымды жеңдерді тікелей жеткізеді. Бұрын біз осы қосалқы бөлшектерді ресми диллерлер мен алыпсатарлардан алып келгенбіз. Отандық тауарөндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің сапасы артып, шетелден келетін аналогтерге бәсекелес бола алғаны бізді қуантады. Сайып келгенде, бұл өзара тиімді әрі ұзақмерзімді серіктестікке жетелейді, – деді ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов.