Есеп – 2:0! Қазақстан құрамасы тағы бір гол соқты

Ойынның бірінші таймы да қазақстандықтардың жеңісімен аяқталған болатын.

Қазақстан құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков Сан-Марино құрамасының қақпасына екінші голын соқты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ойынның бірінші таймы да қазақстандықтардың жеңісімен аяқталған болатын. Екінші таймның алғашқы минуттарында жерлестеріміз жеңісін еселей түсті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Сан-Мариномен ойынға келесі құраммен шықты: Шацкий, Қайыров, Малый, Марочкин, Быстров, Досмағамбетов, Чесноков, Бейсебеков, Зуев, Оразов, Айымбетов.

Осы ойынға дейінгі турнирлерге келетін болсақ, Қазақстанның 15 ұпайы болса, Еуро-2024 іріктеу жолындағы басты бәсекелестері Словения мен Дания құрамаларының әрқайсысында 19 ұпайдан бар.