Қазақстан – Сан-Марино: спортшыларымыз қақпасына бір гол өткізіп алды

Қазақстан құрамасы қақпасына бір гол өткізіп алды. Есеп – 1:0

Қазақстан құрамасы мен Сан-Марино футболшыларының ойыны қыза түсті, алайда жерлестеріміз қақпасына бір өткізіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ойынның бірінші таймы қазақстандықтардың жеңісімен аяқталған болатын. Екінші таймның алғашқы минуттарында жерлестеріміз жеңісін еселей түсті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Сан-Мариномен ойынға келесі құраммен шықты: Шацкий, Қайыров, Малый, Марочкин, Быстров, Досмағамбетов, Чесноков, Бейсебеков, Зуев, Оразов, Айымбетов.

Осы ойынға дейінгі турнирлерге келетін болсақ, Қазақстанның 15 ұпайы болса, Еуро-2024 іріктеу жолындағы басты бәсекелестері Словения мен Дания құрамаларының әрқайсысында 19 ұпайдан бар.