Мемлекет басшысымен бірге ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері де стандионға келді.
Олардың арасында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген, мини-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака), футбол ардагерлері Михаил Гурман мен Вахид Масудов, бапкер Дмитрий Огай, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин және тағы басқалары бар.
Кешегі ойынды тамашалау үшін стадионға 30 100 жанкүйер жиналды.