18 қарашада Жамбыл облысында қатты жел тұрады, басқа аймақтарда ше?

Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Бүгін, 18 қарашада атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, көп өңірде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, солтүстікте боран соғады.

Тек оңтүстік-шығыста aнтициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында күші 30 м/с жел тұрады.