Денсаулық сақтау ұйымы 2 ай бойы қызметкерлеріне жалақы бермеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақтау қаласының прокуратурасы еңбек заңнамасының бұзылуын анықтап, мемлекеттік еңбек инспекциясына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді.
«Қадағалау хаттамасын қарау қорытындысы бойынша жұмыс беруші ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Жалақы бойынша қарыз толық өтелді, сол арқылы жұмысшылардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді. Азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау мәселесі Маңғыстау прокуратурасының тұрақты бақылауында», – деп хабарлады ведомстводан.