Бүгінгі таңда қос тарап дәстүрге сай құдалық рәсімін жасап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиғаның барысы жайында Мерей Әбілова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ондағы дерекке қарағанда, құдалық алдымен қыз жақта, одан кейін күйеу бала жақта өткен.
"Бізге әкемнің досы (қайын ата) төрт бөлмелі пәтер сыйлады. Құттықтап қойсаңыздар болады", – деп жазды ол.
Блогер бағалы сыйлықтың сертификатын да жүктеген.
Онда: "Құрметті Дінмұхамед және Мерей! Сіздерді Belle view резиденциясынан пәтеріңізбен құттықтаймын! 4 бөлмелі пәтер. 171 шаршы метр", – деп жазылған.