Елорда аулаларының бірінің маңында бір үйір жылқы жүр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Астаналықтар Отау тұрғын үй кешені маңайында бір үйір жылқы жайылып жүрген видеоны таратты.
Астана қаласының Полиция департаменті жануарлардың иесін анықтап үлгерді. Оған айыппұл салынып, профилактикалық шаралар жүргізілді.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 386-бабының «Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын" бұзғаны үшін иесіне 30 АЕК (103 500 теңге – шамамен) және 408-баптың 2-бөлігі «Ауыл шаруашылығы дақылдарын, жануарларды жаю ережелерін бұзу» бойынша 10 АЕК (34 500 теңге – шамамен) айыппұл салынды», – деп түсіндірді Астана қалалық ІІД.
Бұған дейін Астананың орталығында иесіз жылқы видеоға түсіп қалған еді.