Бұған дейін жол пайдаланушылары мен қоғам белсенділерінің тарапынан аталған жолға қатысты көптеген сын айтылып, шағымдар түскен болатын, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Олар 9 елдімекенді қаламен байланыстыратын автомобиль жолының сапасы мүлдем сын көтермейтінін алға тартып, жөндеу жүргізуді сұраған еді.
Жол құрылыс жұмыстарын «Семей жолдары» ЖШС жүргізуде. Жұмыс жоспары 2023-2024 жылдар аралығын қамтиды. Барлық жол жұмыстары «QAZSAURAN» ЖШС бақылауында екенін айта кеткен жөн.
Биылғы жылдың қыркүйегінде цемент қосу арқылы ресайклерлеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта қалыңдығы 5 см болатын ыстық асфальтбетон қоспасынан жабын төселіп жатыр.
Барлық жұмыстарды аяқтау 2024 жылға көзделген.