Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Сан-Марино матчынан кейін кішкентай жанкүйерге мойынорағышын берді.
Кеше, 17 қарашада Қазақстан өз алаңында Сан-Марино құрамасын қабылдап, 3-1 есебімен жеңіске жетті. Ислам Чесноков дубль авторы атанса, Абат Айымбетов бір гол соқты.
Отандық футболшыларды қолдау үшін "Астана аренаға" Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, әнші Димаш Құдайберген, спортшы Ольга Рыпакова, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев және басқа да белгілі адамдар болды.
Президенттің баспасөз қызметі Telegram арнасында жеңістен кейін видео жариялады. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрамаға жанкүйер болып келген кішкентай балаға мойынорағышын сыйлады.