Қарағанды ​​облысында дауылдан 14 ғимараттың шатыры ұшты

Төтенше жағдайлар департаменті облыстың барлық тұрғынына жел күшейген кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және аса қажетсіз көшеге шықпауды және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ескертеді.

Қарағанды облысының аумағында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшейіп, салдарынан әкімшілік 14 ғимараттың (шамамен 3 947 шаршы метр) шатыры қираған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан атындағы аудандарда:

"Нұрбанк" АҚ 2 қабатты ғимараты;

Б.С. Бейсенов атындағы "ҚР ІІМ Қарағанды академиясы" РММ №1 4 қабатты оқу ғимараты;

Музыкалық комедия театрының 4 қабатты ғимараты;

"Қарағанды индустриалды колледжі" КММ 5 қабатты ғимараты;

Академик Қ.А. Сағынов атындағы "Колледж-мектеп" ЖМ 7 қабатты ғимараты.

Шахтинскіде Шахтинск технологиялық колледжінің №2 оқу корпусының 3 қабатты ғимараты;

Бұқар жырау ауданында Андрейниковка ауылы "Андрейниковка негізгі орта мектебі" КММ-нің жұмыс істемейтін бір қабатты ғимараты, Ботақара кенті "Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің бір қабатты ғимараты, Новоузенка ауылы М.Жүсіп атындағы ОМ КММ ғимараты;

Нұра ауданында Нұра кенті "М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің 3 қабатты ғимараты және Нұра ауданы әкімі аппаратының 2 қабатты ғимараты, Кертінді ауылы мәдениет үйінің 2 қабатты ғимараты;

Осакаров ауданында Нияз ауылы "№22 жалпы білім беретін мектеп" КММ 2 қабатты ғимараты, Молодежный кенті "№12 Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ 3 қабатты ғимаратының шатыры қираған.