Бүгін Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысын өткізеді. Партияның саяси кеңес бюросы - партияның жетекші органы. Әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелерді талқылайды. Айта кетейік, 18 наурызда Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиында партияның 2020 жылға арналған негізгі міндеттері талқыланады.