Кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектер ағасының үйінен табылды. Қазір олардың Хромтау ауданына қалай жеткені тексерілуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар апалы-сіңлілі оқушыларды Хромтау қаласынан тапқан.
"Қыздар полиция бөліміне жеткізілді. Полиция бөліміне оқушылардың әжесі шақырылды. Олардың үйден кетіп қалу себебі анықталады. Облыстық полиция департаменті еріктілер мен көмектескен адамдарға алғыс айтады", – деді Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.