Бұл – көру қабілеті нашар жандарға күнделікті қозғалуға көмектесетін инновациялық құрылғы, – деп жазады Aikyn.kz.
Таяқшадағы сенсор пайдаланушының жолындағы кедергілерді алдын ала анықтап, онымен соқтығысуға жол бермейді. Заманауи құрылғыда кірістірілген арнайы дыбыстық сенсор, сондай-ақ мобильді қосымшалар, аудио нұсқауларды қолдану сияқты басқа мүмкіндіктер де бар.
Ол сонымен қатар қоршаған ортадағы әртүрлі нысандарды және басқа да маңызды бөлшектерді анықтауға көмектесетін компьютерлік көру технологиясын ұсынады. Оның басқа құрылғыларға қосылу және өзара әрекеттесу мүмкіндігі бар.
Жоба авторлары: информатика пәнінің мұғалімдері Алтынай Ибраева, Арайлым Ысқақова, орыс тілі мұғалімі Айжан Қуандықова, математика пәнінің мұғалімі Данияр Нәдірбаев.
Айта кетейік, Аягөздік ұстаздар осы айда өтетін ІТ чемпионатына өз жобаларын дайындауда.