«Қазгидромет» синоптиктері 20 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады, күн жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
Ал республиканың батысында, қиыр шығысында, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің таулы аудандарында циклон және соған байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар), республиканың оңтүстік-шығысында кей уақытта түнде қатты жауын-шашын болады.
Ел аумағы бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, батыс және солтүстік-батыста желдің екпіні 23-28 м/с-ке күшейіп, көктайғақ болады.