A-Class Medical сенімді басқарушы компаниясы Талғар аудандық орталық ауруханасының медициналық директоры Лаура Мырзағалиді қызметін атқарудан шеттетті, – деп хабарлайды Аikyn.kz тілшісі аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Лаура Мырзағалидің қызметтік тергеуге байланысты қызметінен шеттетілгені атап өтілді.
"Шешім жергілікті интернет-қауымдастықтар парақшасында ұсынылған дәлелдер мен материалдар негізінде қабылданды. Шеттетудің мақсаты – Талғар ОАА медицина қызметкерлеріне қатысты заңсыз әрекеттерді тергеудің бейтараптығын қамтамасыз ету", – деп хабарлайды Талғар аудандық орталық ауруханасы.
Қызметтік тергеу жүргізу үшін құрылған комиссия ұсынылған деректер мен мән-жайды талдайды.
"Басқарушы компания тергеу барысында объективтілік пен әділдік қағидаттарының сақталуына кепілдік береді", – делінген хабарламада.