Биыл қазан айында Қазақстанда пойызбен жолаушыларды тасымалдау қызметі бір жылда 7,9 пайызға өскен. Қала маңына жүретін пойыздар 8,8 пайызға, пойыздың плацкарт вагондарында республикаішілік қатынау – 8,6 пайызға, ал купе – 8,9 пайызға өскен.
Өңірлер бойынша Маңғыстау облысының тұрғындары қымбатшылықты айтарлықтай сезді: бірден 35,5 пайызға өскен. Антилидерлер қатарында Алматы (22 пайыз) және Солтүстік Қазақстан облыстары (20,2 пайыз) бар.
Қымбаттаудың ең төменгі көрсеткіші Абай облысында тіркелген: небәрі 0,5 пайыз. Тағы алты аймақта билет құны тіпті төмендеген. Мысалы, Жетісу облысында билет құны 10,4 пайызға төмендеген.