Еліміздің 12 аймағында 21 қарашада дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Түнде Қызылорда облысының орталығында, батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с, күндіз өңір орталығында 23 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-батысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Мұғалжар ауданында 23-28 м/с құрайды деп болжанады. Ақтөбеде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батыс бөлігінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.
Маңғыстау облысының батысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, өңірдің батысында, оңтүстігінде, орталығында 23-28 м/с болады деп күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түркістанда оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде өңірдің солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндіз облыстың батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Орал қаласында түнде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кейде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Алматыда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-батысында оңтүстік-шығысан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.