2023 жылы 8 қарашада Меделханұлы әлеуметтік желіге видеоүндеу жүктеп, 21 қазанда көршісінің өзіне шабуыл жасағанын мәлімдеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Автор сол кезде құзырлы органға арыз түсіргенімен, полиция қызметкерлері әрекетсіздік танытқанын айтады. Сондай-ақ полиция органдары оның өтінішін қабылдамаған және қандай да бір сипатта әрекет етуге тырыспаған.
"Сот М. тарапынан полицияға қандай да бір өтініш және мәлімдеме жасамағанын анықтады. Сонымен қатар, М. учаскелік полиция қызметкерімен әңгіме барысында шағымдардан бас тартып, жанжалдың бейбіт жолмен шешілгенін айтқан. Осылайша, М. желіде жалған ақпарат жариялаған. М. өз кінәсін мойындамады. Сот қаулысымен М. ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 69 000 теңге мөлшерінде баламасыз әкімшілік айыппұл салынды", – делінген соттың ақпаратында.