Ақмола облысында құрылыс алаңында 57 жастағы жұмысшы мерт болды, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
18 қараша күні полицияға құрылыс алаңындағы оқыс оқиға туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жеткен полицейлер Астана қаласының 1966 жылғы тұрғынның биіктіктен құлап, көз жұмғанын анықтады.
"Ер адам салынып жатқан учаскеде жұмыс істеп жатқан жерінде төрт метр биіктіктегі тірек бөлігі опырылып түсіп, құлаған", - делінген хабарламада.
Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізіп жатыр.
Полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.