Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов коронавирусқа байланысты облыс тұрғындарына үндеу жасады. Облыс басшысы Instagram желісіндегі парақшасында өңірде тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау үшін 3 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан аумағында қоғамдық іс-шаралар өтпейтінін жазды. «Қазіргі уақытта облыстың медициналық мекемелері қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. Бұған қоса, ауруханаларда арнайы оқу-жаттығулар өтуде. Сондықтан бұл сақтық шараларына түсіністікпен қарап, қорықпауға шақырамын!», – деп жазды Даниал Ахметов. Әкмінің айтуынша, жергілікті кәсіпорындарда медициналық маска өндіру туралы шешім шықты. Аз уақытта 500 мың дана маска шығарылады.