Қазақстанда зейнетақы тағайындау процесі өзгереді

Жаңа өзгерістер жаңа жылдан бастап қолданысқа енеді.

2024 жылдан бастап еліміздегі зейнетақы тағайындау процесі өзгереді. Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин айтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz

«Зейнетақы тағайындау процесі өзгертіліп, келесі жылы мүлдем жаңа форматта жүргізілмек. Сонымен қатар жұмысқа тұру кезінде талап етілетін 12 түрлі анықтамаларды жою, интернетке қосылу, декларация тапсыру, балабақшаға кезекке тұру сияқты жобалар әзірленуде.

Пилоттарды сапалы және уақытылы енгізуді мемлекеттік органдардан сұраймыз», –  деді Мусин.