Денсаулық сақтау министрлігі 48 млрд теңгеге cөмке сатып алмақ болғаны туралы желіде ақпарат тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жазбада бір сөмкенің бағасы 7,5 млн теңге екені көрсетілген.
"Денсаулық сақтау министрлігі аталған жылжымалы диагностикалық жабдықты бюджет қаражаты есебінен сатып алу мәселесі қарастырылмағанын хабарлайды. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі оны сатып алғаны туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған", – дейді ведомство өкілдері.