Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев қызметінде қала ма?

Бұл сұраққа Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов жауап берді.

Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңі аяқталғаннан кейін «Адиев ұлттық құрамада қала ма, кете ме?» деген сауал туған болатын, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев қызметін жалғастырады. Біз бірлесіп еліміздің футболын дамытудың жоспарын түземіз. Ауқымды жобаны өзіміздің стратегиямыз бен ыңғайымызға қарай жүйелеп, дамыту бағытын саралаймыз", – деді Ә.Бәрменқұлов.

Магомед Адиев 2022 жылдың көктемінде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерлігіне тағайындалған болатын. Бұдан кейін ұлттық құрама Ұлттар лигасында Әзербайжан, Словакия, Беларусь құрамасымен ойнап, көш бастады. Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде 10 кездесудің алтауында жеңіске жетті.

Бұған дейінгі ұлттық құраманың бас бапкерлері мұндай жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп көрген емес.