Үш жылдан бері іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузияда ұсталды. Ол қаржы пирамидасын құрып, 3,6 млрд теңге көлемінде залал келтіргені үшін айыпталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Грузия аумағында 2020 жылдың наурыз айынан іздеуде жүрген күдіктіні – Қазақстан азаматын ұстады.
Ол қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық етті деп айыпталуда. Келтірілген шығын 3,6 млрд теңгеден астамды құрайды.
Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленуші бар», – делінген мәліметте.
Ұсталған күдіктіні елге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.