Жақында белгілі әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі қатерлі ісікке шалдыққан болуы мүмкін екенін айтып, Түркияға тексерілуге кеткен болатын. Блогер қан талдауларының жауабы шыққанын айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Фариза Төреәлінің айтуынша, елде қауіпті ісік бар екеніне болжам жасаған. Ісік ұйқы безінде, одан таралып өкпеге кеткен деген..
«Ешбір маман ештеңе айта алмады. Түркияға келіп ең мықты деген клиника мен дәрігерлерге тексерілдік. Биопсия алдымен ішектен алынды, одан соң операциямен өкпені тексеру үшін кеудені тесті. Алла ұлық, бәрі таза!
⠀
Әлі шок күйіндемін.. бұны басынан өткізген адамдар ғана шын түсінер.
⠀
Адам ертеңгі күні өзін не күтіп тұрғанын тіпті біле алмайды. Бірнеше апта ішінде өмірім осылай өзгеріп кететіндігін еш ойламаппын. Алланың ең үлкен хикметінің бірі де осы шығар, маған көп нәрсені ұғындырды! Бәлкім басынан өтпеген адам түсінбес, бірақ мұсылман әрдайым әр күнін “соңғы күн” секілді сүруі керек екен дер едім. Бұл ақиқат», – деп жазды ол.
Блогер қиын сәтте қолдау білдірген оқырмандарына алғыс айтты.
⠀
«Аудиторияма басынан бастап бөліскенімнің себебі де осы. Жасырып, ешкімге айтпау да ойда болған, бірақ жария етуді Алла жүрекке салып қойды. Сондағы ойым қауымға ескерту, мені себепші етіп Алла қаншама адамға саналы өмір сүруді, парыздарын толықтыруды, иманын күшейтуді, ақиқатты және мәңгі өмірге дайындалу керектігін еске салып жатыр.
⠀
Мен үшін тоқтаусыз дұға еткен, тахаджутке тұрған, тіпті Меккеде жүрген жандардың дұға етуін сұраған әр оқырманыма миллиондаған жақсылық тілеп отырмын. Құлазығанда көңілімді көтеру үшін жазған әр хаттарыңыз үшін Раббым еселеп сауап жазсын. Қиын сәтте адамды жұбату өте үлкен сауап екен дінімізде. Әр оқырманымды шынайы жақсы көремін.
⠀
Енді Фариза өмірге бұрынғыдай қарамайды», – дейді Фариза Төреәлі.